БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласында теологиялық жұмыстарға бағытталған семинар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – негізгі міндетіміздің бірі. Бұл баршамыз жұмылып атқаратын жұмыс болуы керек. Осы істе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айрықша рөл атқарады. Мүфтият қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуға зор үлес қосып келеді», – деп, мүфтияттың жұмысына жоғары баға берген болатын.

Бұл ретте жат діни ағыммен күресудің өзекті екенін көреміз. Расында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алғаш құрылған сәттен бастап түрлі деструктивті ағымдарға байланысты жүйелі жұмыс істеп келеді. Алдымызға қойылған негізгі мақсат – деструктивті ағым идеологиясына тойтарыс беру және түзу жолдан тайған бауырларымызды дәстүрлі дін түсінігіне қайтару», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.



 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: