Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі теологиялық жұмыстардың ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кәсіби біліктілікті арттыруға арналған семинар өз жұмысын бастады.
Оқу-семинарына еліміздің барлық өңірінен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарып жүрген, ҚМДБ-ның діни оңалту бағытына жауапты мамандар қатысуда.
Айта кетейік, екі күнге жоспарланған семинар 8-9 қыркүйек күндері өтеді.