БАС МҮФТИ ДІНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

БАС МҮФТИ ДІНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қарсаңында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Бірлескен тұрақты комитеттің екінші отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Әл-Азһардың жоғары ғалымдар кеңесінің мүшесі доктор Мұхаммед Әд-Дуейни, Мысыр Араб Республикасының Бас мүфтиі доктор Назир Мұхаммед Аяд, Ислам зерттеулері академиясының Бас хатшысы доктор Мұхаммед Абдул-Дәйим Әл-Жинди, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төраға орынбасары Мақсат Раманқұлов, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров және өзге де өкілдер қатысты.

Бас мүфти өз сөзінде дінаралық және өркениетаралық диалогтың қоғамдағы рөлін атап өтіп:
– Шын мәнінде, қазіргі таңда дәстүрлі дін өкілдері мен жер бетіндегі барша халықтың ынтымағын арттыру аса маңызды міндетке айналды. Біз қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға, алауыздыққа қарсы тұруға әрдайым мән беріп келеміз. Елімізде тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – соның айқын дәлелі, – деді.

Кездесу барысында ҚМДБ мен Әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, білім алмасу, діни білім сапасын арттыру, бірлескен ғылыми жобалар мен форумдар өткізу бағыттары сөз болды.

Жиын соңында тараптар өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын екендіктерін білдірді.











ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: