Жуалы ауданы, Күренбел ауылында екі үй өртке оранғаны белгілі. Осындай қиын – қыстау кезде Қызыларық ауылдық мешіт молдасы Сыдықұлы Жайнар мешіт жамағатымен және Көлбастау ауылдық «Құлый баба» мешітінің молдасы Айбатбекұлы Бақытжан ауыл жамағаттарымен қаржы жинап, көмек берді. Қазіргі таңда екі үйдің құрлысы жүріп жатыр.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.