ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Сатылғанов Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданы дін қызметкерлерімен кездесті. Жиын Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» өтті.
Кезекті іс-сапарында Бас имам, ауданның дін қызметкерлеріне жамағатпен оқылатын бес уақыт намаз және жұма намазын кешіктірмей уақытына мән беру, жамағат намаздарын ҚМДБ ның бекіткен «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» құжатнамасы бойынша жүргізу сынды біршама тапсырмалар берді. Мешіттерде дәріс беруші ұстаз ҚМДБ-ның бекіткен имамның тұлғалық келбеті мен мұсылман этикасы сақтауы тиіс екендігін түсіндірді.
Кездесу соңы Бас имам имамдардың сұрақтарына жауап беріп, Алла жолындағы қызметтеріне табыс пен береке тіледі!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі