#Шу ауданында дін мамандарына семинар өткізілді

#Шу ауданында дін мамандарына семинар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына арнайы сапармен келген «Һибатулла Тарази» мешітінің медресе директоры Әміреев Бахтияр өңірлік дін қызметкерлерімен жүздесті. Сапар аясында имамдар үшін «Бабалар ізімен. Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты еңбек негізінде танымдық семинар өткізілді.

Жиын барысында асыл дініміз Исламның Қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдеп-ғұрыпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары, иман негіздері мен сондай-ақ мұсылмандық әдеп жорағылар талқыланды.

Сондай-ақ, қазіргі заманғы дін қызметкерінің білімін жетілдіру, қоғам алдындағы жауапкершілігі және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері де назардан тыс қалмады. Семинарға қатысқан имамдар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасып, тың деректерге қанықты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: