#Шу: «Жәми» мешітінде «Мектепке жол» науқаны өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде «Мектепке жол» науқаны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданыңда жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» науқаны жүзеге асуда. «Жәми» мешітінде өткен қайырымдылық шарасы аясында 60 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.

Жалпы құны шамамен 400 мың теңгені құрайтын демеушілік көмекті жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандар ұйымдастырды. Мешітке шақырылған отбасылардың балалары жаңа оқу маусымына қуанышпен аттанды.

Шара барысында мешіт имамы бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ата-аналар демеушілерге шынайы алғысын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: