Талас: Жат ағымдардан сақтану - міндет

Талас: Жат ағымдардан сақтану - міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасқабұлақ ауылы "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Асанов Хеурза мешіт жамағатына жат ағымдардан сақтану туралы маңызды насихат айтты.

Уағыз барысында имам Хеурза діни радикализмнің қоғамға тигізетін зияны мен мұсылмандардың дәстүрлі ислам жолында қалу қажеттігін түсіндірді. Жат ағымдар көп жағдайда діни білімді тек өздерінің көзқарастарымен шектеп, мұсылмандарды діннің терең білімдерінен аластатуға тырысады.

Бұл – олардың діни сауаттылығын төмендетуге, адасқан жолға түсіруге әкеледі. Жиын соңында Хеурза имам жат ағымдардың алдын алу үшін әрбір мұсылманның өз дінін терең әрі дұрыс түсініп, қоғамның рухани тұрақтылығын сақтауға атсалысуы қажет екендігін айтты.

"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: