Талас: “Заң мен тәртіп” бағдарламасы аясындағы кіші футболдан жарыс өтті

Талас: “Заң мен тәртіп” бағдарламасы аясындағы кіші футболдан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен Аудандық “Қаратау Қажы би” орталық мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен балалар жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында кіші футболдан жарыс өтті.

Аталған жарысқа 8 команда қатысып, өзара жеңімпаз атануға таласты. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, қатысушылардың белсенділігі мен командалық рухы жоғары болды. Жарыс нәтижелері: 1 орын — «Дастан» командасы, 2 орын — “Әбдірашит ата” мешіті командасы, 3 орын — «Спартак» командасы Жеке номинациялар бойынша жеңімпаздар: "Үздік қақпашы" — Касимов Асылбек (Аудандық Қаратау Қажы би мешіті), "Үздік ойыншы" — Өзбек Дастан (Дастан командасы), Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл шара балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, дене шынықтыру мен командалық жұмыстың маңыздылығын көрсетіп берді.

Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: