Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті жұма күні ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірлік өкілдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Ізгі ниетті қыз-келіншектер түрлі тағамдар әзірлеп, жұма намазынан шыққан жамағатқа ұсынды. Қайырымдылық мақсатында жасалған бұл шара барысында жиналған қаражат игі істерге жұмсалатын болады.
Бұл жәрмеңке – жамағаттың бауырмашылдығын арттырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға бағытталған тағылымды дәстүрдің жалғасы.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі