«Әл-Бақи» мешітінде имамдарға арналған «Уақып қоры» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – дін қызметкерлеріне уақып ұғымының мәнін, оның қоғамдағы рөлін және қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан игі істерді жан-жақты түсіндіру болды.
Семинарға қатысқан имамдар қордың жүзеге асырып жатқан жобаларына қолдау білдіріп, уақып мәдениетін насихаттаудың қоғамдағы бірлік пен ізгілікті арттыратынын атап өтті.
Жиын соңында уақып дәстүрін жаңғыртып, мешіт жамағаты арасында қайырымдылық пен ізгі істерге үндеудің маңызына тоқталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі