Меркі ауданы «Жақсымбет ата» және «Қарабала Төре» мешіті имамдарының ұйытқы болуымен оқушыларға сыйлық жасалды.
«Мектепке жол» науқаны аясында 2 оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтар берілді. Атап айтсақ, мектеп формасы, сөмке, оқуға қажеті құрал жабдықтар мен дене шынықтыру пәніне арналған киім, аяқ-киім сыйға берілді.
Осы игі іске демеуші болған, ізгілікке жаны құштар ағаларымызға айтар алғысымыз шексіз! Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, Алла жолында жұмсаған әрбір дүниесінің орнын еселеп, берекелі етіп толтырып, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі