Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Құран әліппесін үйреніп, алғашқы діни білімдерін алған шәкірттерімізге арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Бұл игі бастама – жас буынның жүрегіне иман нұрын ұялатуға, ата-баба жолын қадірлеуге жасалған қадам. Шәкірттерге Бас имам Азамат Берікұлы мен ауыл биі Асқар Әбікенұлы және ұстаздарымыз бата беріп, Алла Тағаладан пайдалы білім, берекелі ғұмыр тіледі.
Осы орайда ауыл имамы Коктал Мадияр: «Алла қаласа, мешітімізде алдағы уақытта да осындай ізгі істерді жалғастыра береміз»- деп, атсалысқан барша демеушілерге Алла разылығын тілеп, рақметін айтты
Осы игі бастамаға себепші болып, көмектескен барша жанға Алла разы болсын. Мал жандарына игілік береке берсін. Үміт етіп өсіріп отырған ұл-қыздары үміттерін ақтасын.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі