Меркі ауданындағы «Жүніс молда» мешітінің шәкірттері үшін тағылымы мол әрі көңілді демалыс шарасы ұйымдастырылды. Шәкірттер ұстаздарының жетекшілігімен тауға шығып, табиғат аясында демалып қайтты.
Таза ауада өткен демалыс барысында балалар әртүрлі спорттық ойындарға қатысып, табиғаттың әсем көріністерін тамашалады. Сонымен қатар ұстаздар тарапынан имандылыққа, достық пен ауызбіршілікке шақыратын насихат сөздер айтылды.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – шәкірттердің рухани және дене тәрбиесін қатар дамыту, олардың бір-бірімен жақын танысып, бауырмалдық қарым-қатынасын нығайту. Табиғат аясындағы демалыс балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, естен кетпес өмірлік естеліктер қалдыратыны анық.
Жастардың имандылықпен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, уақытты пайдалы өткізуіне бағытталған мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі