Меркі: «Ішімдіксіз ауыл» жобасы насихатталды

Меркі: «Ішімдіксіз ауыл» жобасы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Ішімдіксіз ауыл» жобасы аясында Меркі ауданы бойынша барлық елді – мекендерде  ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – ауыл тұрғындарын зиянды әдеттерден, әсіресе ішімдікке әуестенуден сақтандыру, отбасылық және қоғамдық берекені арттыру болды.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдары және ауыл әкімдері ішімдіктің адам денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамның тыныштығына тигізетін зияны жайлы сөз сөйледі.Имамдар мен ұстаздар  Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріп, сондай-ақ, ішімдіктің дінімізде харам етілуінің хикметін түсіндіріп берді.

Көптеген ауыл тұрғындары бұл бастаманы қолдап, ауылдың рухани және мәдени дамуы үшін мұндай насихаттық шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Көпшілік, әсіресе, жас буын арасында ішімдіктен аулақ болу мәдениетін қалыптастыруға бір кісідей атсалысуға уәде берді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Ішімдіксіз ауыл» жобасын тұрақты түрде жалғастырып, ауыл-аймақтарда кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр. Бұл қадам ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға, бірлігін күшейтуге үлкен үлес қоспақ.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: