НАИБ МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

НАИБ МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жұма намазын оқыды.

«Қазақ руханиятының терең қабаттарына көз жүгіртсек, жүректің тазаруы мен адамның ішкі кемелдігін басты орынға қойған ілімнің ізін көреміз. Бұл жай ғана білім емес, рухани тәжірибе мен Хақты жүрекпен тануға негізделген сопылық ілім. Осы ілімнің Орталық Азия кеңістігіндегі ең ірі өкілі – Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Оның рухани мұрасы, әсіресе, «Диуани Хикмет» атты еңбегі ғасырлар бойы халық арасында Аллаға жақындаудың жолын нұсқап келеді. Бірақ Ясауидің мұрасын тек әдебиетпен немесе тарихпен шектеу, оның ілімінің рухани тереңдігін толық түсіне алмау болар еді. Ол адамды ішкі жан дүниесін тазартып, өз-өзімен беттестіретін, жүрек арқылы ақиқатқа жетелейтін ілімнің иесі. Бұл – хәл ілімі», - деді.

Жұма назынан кейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен бірге ел игілігі үшін арнайы дұға жасалды.





 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: