ҚАРАҒАНДЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК БӨЛМЕЛЕР АШЫЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК БӨЛМЕЛЕР АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыстық «Әнет баба» мешітінде жаңа қызметтік бөлмелердің ашылу рәсіміне қатысты.

Игі бастама аясында мешіт жанынан діни басқарманың түрлі бағыттағы қызметін жүйелі жүргізуге арналған бірнеше бөлме ашылды. 

Атап айтқанда: шариғи мәселелерді қарастырып, жамағат сауалдарына жауап беру қызметін үйлестіретін «Шариғат және пәтуа» бөлмесі. Ақпараттық қамтамасыз ету және цифрлық қызметті дамытуға арналған «Ақпарат және цифрлық даму» бөлмесі. Діни әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды насихаттау бағытында «Мүфтият баспасы» бөлмесі. Ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарын бір арнада насихаттайтын «Дін мен дәстүр» бөлмесі. Әйел жамағатпен жұмысты жандандыруға арналған «Әйел-қыздар» секторының бөлмесі.

Бас мүфти жаңадан ашылған бөлмелердің әрқайсысы Діни басқарманың бағытты жұмысын жүйелеуге арналған маңызды бастама екенін атап өтіп, бұл игі қадамдар мешіттің қызмет аясын кеңейтіп, жамағатқа көрсетілетін рухани әрі ақпараттық қолдаудың сапасын арттыра түсетінін жеткізді.

Сондай-ақ, ашылу рәсімі аясында Бас мүфти «Дін мен дәстүр» бөлмесінде бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, нәрестелерге батасын берді.
























ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: