ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Ислам шариғатының көздеген негізгі мақсаттарының бірі – адам табиғатына тән әрі өмірлік маңызы бар бес асыл құндылықты сақтау. Олар: дінді, өмірді, ақылды, тектілікті және мал-мүлікті сақтау. Бұл құндылықтардың әрқайсысы адам өмірінің тұтастығы мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі себептер болып саналады.

Сондықтан ислам діні бұл құндылықтарды қорғау үшін белгілі тәртіптер мен талаптарды қойып, оларды сақтауды әрбір мұсылманға аманат етіп жүктейді. «Аманатқа қиянат жасама» делінеді халық даналығында. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару – міндет һәм сауапты іс. Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар, тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат жасамаңдар», – деп бұйырған («Әнфәл» сүресі, 27-аят)», - деді.

Жұма назынан кейін Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен бірге ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.







 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: