Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтты.
Қанат Әділханұлы насихатында: «Баршаңызға белгілі кеше ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі маңызды бастама.
Бұл шешім қоғамда отбасы институтының маңыздылығын арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды қайта жаңғырту мақсатында қабылданды. Әр дәуірде қоғамның негізі болып саналатын отбасы бүгінгі таңда түрлі сын-қатерлерге ұшырап, әлсіреу қаупіне тап болуда. Сондықтан отбасы мәселесін күн тәртібіне шығару – дер кезінде қабылданған игі қадам», - деді.



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

