Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Жүрек дерттері» тақырыбында насихат айтты.
Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Әрбір істі басқаратын орталық бар. Сол секілді адам баласының сана-сезімін басқаратын орталығы болады. Оны жүрек деп атаймыз. Жүректе иман, ар-ұят, мейірімділік ұяласа, адам баласының бойында имандылық, көркем мінез-құлық көрініс табады. Ал жүректе күпірлік, қатыгездік мекен етсе, адам бойында имансыздық, ұятсыздық сынды теріс әрекеттер пайда болады. Сондықтан жүрек – жақсылық пен жамандықтың бұлағы.
Қасиетті Құран Кәрімде жүрек жайлы 132 жерде айтылады. Бұл біздерге жүректің маңыздылығын аңғартады. Сол үшін Жаратқан Алла Тағала адам баласының иманды яки имансыз болуының, таза яки күнәһар болуының басты себебін адам баласының жүрегіне байланысты екендігіне назар аудартады», - деді.



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

