2025 жылдың жазында Әл-Бақи мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз» сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Бұл игі шара аясында 60 қа жуық жас шәкірт діни сауатын ашып, имандылықтың алғашқы баспалдақтарымен танысты.
Курс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, тәжуид ережелері, ислам әдебі, намаз оқу тәртібі және пайғамбарлар тарихы секілді маңызды тақырыптар үйретілді. Балалар білім алуымен қатар, түрлі тәрбиелік мәні зор ойындар мен іс-шараларға қатысып, рухани әрі мазмұнды демалыс өткізді.Сабақтар тәжірибелі ұстаздар мен мешіт имамының жетекшілігімен өтті. Әр шәкіртке жеке көңіл бөлініп, білім деңгейіне қарай оқыту тәсілі қолданылды. Шәкірттердің ынтасы мен тәртібі ерекше атап өтіліп, ата-аналардың да ризашылығы байқалды.
Курс соңында арнайы қорытынды шара ұйымдастырылып, білім көрсеткіші жоғары болған шәкірттерге марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар, сыйлықтар үлестірілді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

