Қордай ауданы, Сортөбе ауылында орналасқан «Имамдар үйінде» аудан имамдарына арналған діни сауаттылығын артыру семинары болып өтті. Жиынды «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің білікті ұстаздары жүргізді. Білікті мамандар «Нұр-Мубарак Египед ислам мәдениеті» ұниверситеті мен еліміздің 9 қаласында орналасқан медресе-колледждерінде білім алып, Түркия мемлекетінде ілімін жетілдірген.
Семинарда ҚМДБ ның бекітіліп берген «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі құжаты» таныстырылып, ислам ғибадаты, хадистер жинағы пәндері қамтылды.
Семинар соңы ардақты ұстаздар ардагер имам ақсақалдан бата алып, дін жолындағы етіп жатқан қызметтеріне береке тіледі!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

