#Шу: «Жылғабек» мешітінің имамы екі отбасыға қайырымдылық жасады

#Шу: «Жылғабек» мешітінің имамы екі отбасыға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе ауылындағы «Жылғабек» мешітінің имамы Әбусейт Қоспановтың демеушілігімен мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Қайырымдылық шарасы аясында 2 отбасыға жалпы қаражат 100 000 теңге көлемінде көмек берілді. Оның ішінде азық-түлік себеттері, көз әйнек және медициналық ота жасауға арналған қаржылай қолдау қамтылды.

Көмек алған жандар шынайы ризашылығын білдіріп: «Алла разы болсын! Көмек қолын созған жандарға шын жүректен үлкен рахмет. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Алла Тағала армандарыңызды орындап, өмірлеріңізге береке берсін. Мың алғыс!»  – деп алғыстарын жаудырды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: