Жамбыл ауданында бірнеше мешіт жаз жайдары кезеңін пайдаланып, сырланып, әктеліп, қайта жөндеуден өтіп жатыр. Соның ішінде Шоқай ауылы "Уәли Қалпе" мешітінінің сырты толығымен сырланды.
Ащыбұлақ ауылы "Тоқтаберген ата" мешіті толық күрделі жөндеуден өтіп, күмбезіне дейін боялды.
Шариғатымыз: "Тазалық - иманның жартысы" десе, дәстүрімізде: "Олақ болсаң да, салақ болма!" деп адамды үнемі тазалыққа үндейді. Мұсылмандардың құлшылық үйі - мешіт, Алла Тағаланың үйі, назар мекені. Сондықтан мешіттерімізді әрқашан қорғауымызға алып, қарасып, таза ұстасақ, Раббымыздың ризалығына бөленеріміз айқын. Алла Тағала қол ұшын ұзатқан барша жаннан риза болсын!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі