Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Осыған байланысты дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастардың қолында.
Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал, сол білімді жастарға беруге ең негізгі қызмет – діни сауат ашу болып табылады. Осыған орай Бесағаш ауылы "Бесағаш" мешітінің молдасы Айтжан Керимов және аудандағы барлық дерлік мешіттеріміз мешіт жанындағы жастарға арналған жазғы сауат ашу курсын үздіксіз жалғастыруда.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі