Қызылдихан ауылы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев, мешітке келген жамағатқа Дін мен дәстүр кітаптары" бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Қазақтың салт-санасын хал-қадерінше зерттеп, зерделеген ғалым Жағда Бабалықұлы бір сөзінде «Саясат жерге көмген тарихты ғылым қайта ашып алады» дейді.
Расында да, талай зұлматты замандарда ұмытылуға шақ қалған рухани құндылықтарымыз қазір де өз ретімен жаңғырып жатыр.Енді осы діни-имани танымымызбен тарамданған ұлттық құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа аманаттап тапсыру – бәріміздің міндетіміз екенін біле жүрейік.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі