Мойынқұм ауданына қарасты Қарабөгет ауылында тасаттық берілді. Игі шараны ауылдағы "Қарабөгет" мешітінің молдасы Құлтаев Арсен ұйымдастырды. Ауыл сыртында өткен жиынға жергілікті тұрғындар қатысты.
Соңғы күндері күннің аптап ыстығы күшейіп, ауыл-аймақтарда құрғақшылық белең ала бастаған. Осыған орай жамағат жиналып, Алла разылығы үшін құрбан шалып, жауын-шашын сұрап дұға жасады. Бұл – шариғатымызда құпталған, мұқтаждық кезінде орындалатын сауапты амалдардың бірі.
Мойынқұм тілшісі