Мойынқұм ауданына қарасты бірнеше ауылда зират аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді.
Әруақты құрметтеген халықпыз. Сол себепті өмірден озған ата-бабаларымыздың қабірі жайылымда жүрген малдардың тұяғына тапталмасын деген ниетпен зираттарға қоршау жасалды. Атап айтқанда, Мойынқұм, Қылышбай, Күшаман, Биназар, Мыңарал ауылдарындағы зираттар бір жүйеге келтіріліп, темір шарбақпен қоршалды.
Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық ауыл зираттарын да осылай қоршау жоспарланып отыр.
Мойынқұм тілшісі