Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы Қылышбай ауылдық "Рәтқұл ата" мешітіне арнайы зерделеу жұмысын жасады.
Мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы маңызды болғандықтан бас имам негізгі назарды тазалықтан бастады. Келген жамағатқа жақсы көңіл күймен дұрыс көзқарасты қалыптастыру үшін мешіт айналасын мұнтаздай таза ұстау әрбір қызметкерге шарт. Әрі қарай сөредегі кітаптарды зерделеп, жат ағым иелеріне тиесілі кітаптардың болмауын қадағалады.
Мойынқұм тілшісі.