Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауылы тұрғындарымен кездесіп, «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысында аудан бас имамы ата-бабамыз ұстанып келе жатқан сара жолдан айнымай, қандай да бір діни мәселеге қатысты сұрақтар туындаса ауданымызға қарасты мешіт имамдарына жүгінуге, егер әлеуметтік желіні пайдаланатын болсақ ҚМДБ-ның арнайы сайттарын қарауға шақырды. Әлеуметтік желідегі күдікті діни сайттарға жоламауға және ақпараттық жүйе қарқынды дамып жатқан заманда өте сақ болу керектігін, атап өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі