Меркі ауданы, Мыңқазан ауылы "Сиқымбай ата" мешітінің имамы Бейсенов Русланның ұйытқы болуымен ауылдағы жеті отбасыға қайырымдық жасалды. Мұқтаж отбасыларға қой еті берілді.
Ислам өзгеге жәрдем беруді бұйыратын дін. Адамзат тарихына үңілгенімізде, Исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі. Көмек алған отбасылар аудан имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.