Сарымолдаев ауылдық округінде жастар арасында «Әлеуметтік желіден діни ақпараттар алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің қызметкері Бауыржан имам қатысты. Қазіргі таңда әлеуметтік желіні жат ағым өкілдері уағыздау құралы ретінде пайдаланып отырғандығы, әлеуметтік желідегі діни ақпараттардың басым бөлігі жат ағым өкілдерінің ақпараттары, сол себепті олардан сақтану керек екендігі жайында жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі