Қордай: Аудан ұстаздары насихаты

Қордай: Аудан ұстаздары насихаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Насихат «Алла үшін» айтылатындықтан, насихатта Алла туралы,  Алланы сүйдіру туралы, екінші ретте Алла елшісі туралы айтылуы керек. Ал «мүминдер үшін» делінгені сол мүминдерге діни ағарту жұмысын жүргізу, рухани сауықтыру көзделуі тиіс. «Насихат» сөзі шынайылықты, берілгендік пен адалдықты білдіреді. Ендеше, «дін – насихат» деген сөзді шынайылық таныту, ықыласты болу, өзгелердің жақсылығын ойлау деп түсінуге болады.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Құрбан айт» мерекесінде, аудан ұстаздары көпшілікке уағыз-насихат айтты.  Қасиетті айлар, Құрбан айт, мейрамды қалай өткізу тақырыптары қозғалды. Күллі мұсылман мейрамы «Құрбан айт» тарихы айтылып,  көркем насихаттар паш етілді. Алланың жәрдемімен мейрамнан мейрамға  аман - есен жетуді Алла нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: