Қордай: Дұғам - қабыл болсын

Қордай: Дұғам - қабыл болсын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб  тіліндегі  «дуъаа» сөзінің  мағынасы «сұрау», «жалбарыну» дегенге келеді. «Аллаға   дұға ету» деген сөз Оған жалбарынып, әр нәрсенің  қайырлысын сұрау дегенді білдіреді. Басқа  бір адамға  дұға ету ол адамға жақсылық тілеу дегенге саяды. Демек, дұға пенденің Раббысынан жалбарынып сұрауын білдіреді. 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде шәкірттер арасында «Дұғам - қабыл болсын»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда дұға деген не?  оның әдебі, шарттары мен қабыл болуы, қарғыс айту рұқсат па? Дұға жасағанда Құран аяттары мен дұғалар пайдалану туралы сөз қозғалды. Баршамыздың дұға тілектеріміз қабыл, мұраттарымыз асыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: