Қордай: "Имани жаз – 2025" жазғы сауат ашу лагері басталды

Қордай: "Имани жаз – 2025" жазғы сауат ашу лагері басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Балаларды жүректің жемісіне (сәмәрәтүл-құлуб), көздің нұрына (құрратул-айн) теңеген мейірім жаршысы Ардақты елші (Оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) Абдуллаһ ибн Аббасқа бала кезінде: «Иә, Алла тағалам, бұған хикмет үйрете гөр!» деп дұға жасаған. Жамбыл облысы, Қордай ауданында «Имани жаз – 2025ж жазғы діни сауат ашу курсы жылдағыдай өз қызметін бастады.

Ауданымыздағы «Қордай», «Рахман», «Қордай ауылдық» мешіттерінде 70 қыздарымызға  «Имандылық әліппесі» кітабынан дәрістер берілуде.  Қыздарымыз топ - топтарға бөлініп, мугалим сани оқып, Құран жаттауда. Алла Тағала балаларымыздың зейінін ашып, ықыластарын арттырып, табандылықпен білім алуын нәсіп етсін. Ұрпақтарымыз еліне, жеріне қызмет жасап, Алланың сүйікті құлдарынан болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: