Құрбан айт ұлық мереке! Бүкіл мұсылман көршісін, туған-туысы мен жақынын құттықтап шаттыққа бөленетін мереке!
Айт мерекесін бүкіл ауданға сезіндірген атбегі ағалар, мерекеге орай ұлан-ғасыр той өткізді. Жиналған қауымға дастарқан жайып аудан имамының Құран оқуымен басталған жиын спорттық шаралармен жалғасты.
Көпшілік жаяу жарыс, қой көтеру, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресінде күш сынасқан қауым, өз күш-жігерлерін көрсетті. Жарыс соңы бәйгеге ұласты. Әр шабыстың алдында қариядан бата алған бәйге шабармандары, жас бүлдіршіндер «Тай жарыс», «Құнан жарыс», «Аламан бәйгеде» өз өнерлерін көрсетті. Жеңімпаздарға жүлделі орындар белгіленді. Атап айтқанда:
Жаяу жүгіріс жеңімпазына -теледидар
Қошқар көтеру -қошқар
Кір тасын көтеру- 100000 теңге қаржылай
Тай бәйге - мотоцикл
Құнан бәйге - Жылқы
Аламан бәйге - Түйе
Жалпылама алғанда 2 000000 теңге қаржылай, 1 түйе, 1жылқы, 10 қой, 1 мотоцикл және теледидар табысталды.
Құрбан айт мерекесі құтты болғай!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі