ҚОРДАЙ: Айттық қайырымдылық таратылды

ҚОРДАЙ: Айттық қайырымдылық таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық мешітке жағдай айтып өтініш білдірген мұқтаж отбасыларға айт мерекесіне орай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Айт күні дастарқанын жайып, қонағын күтіп, бала-шағасымен тойып тамақ жеуге әр отбасы лайықты.

Мешіт жамағатының қолдауымен 100 отбасына (әр қайсысы 30 000 теңгелік) азық-түліктей қайырымдылық пакеттері таратылды. Сонымен қоса құрбан етінен ауыз тисін деп 250 отбасына еттей таратылды.

Қайырымдылықтан өз үлесін алған жұрт мешіт имамы мен жамағатына алғысын білдірді. Істеріне береке берсін деп ақ батасын берді!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: