Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде Жамбыл облысы бойынша «дін мен дәстүр» бағытына жауапты маман Ғайырфулла Әмірбеков жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.
Ғайырфулла имам насихатында: «Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл мәдениеттің аясында қарастырылады. Ал әрбір 24 25 халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни діні.
Осы себепті дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып табылады. Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған сарқыншақтар әдет-ғұрыптарда ғана көрініс береді», - деп, айырмашылығын айтып өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі