#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында ұлттық ойындардың бірі ләңгі тебуден жарыс өткізілді. Жарысқа Жамбыл облысы бойынша «дін мен дәстүр» бағытына жауапты Ғайырфулла имам арнайы қатысты. Жарысқа жамағаттан 10 ға жуық адам қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздарға сыйлық ретінде діни кітаптар тарту етілді.

Адамның тәні мен рухани дүниесіне пайдалы спорт түрлерінен қазақ халқы кенде болмаған. Әсіресе Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен  сәлемі болсын) хадистерінде айтылатын күш-қуатты, біліктілікті, ептілікті шындайтын  спорт түрлерін ата-бабаларымыз ұлттық сана негізінде дамытып, сүннетпен бекітіп, ғасырдан-ғасырға жеткізген. 

Алла Елшісі ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әкенің баланың алдындағы міндеті: жазу-сызуды, жүзуді және садақ атуды үйрету әрі жақсы етіп тәрбиелеу», - деген. Басқа риуаятта Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балаларыңа жүзуді, садақ атуды, ал әйел баласына тоқуды үйретіңдер»,деген.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: