Талас: Табиғат аясына рухани сапар

Талас: Табиғат аясына рухани сапар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен аудан имамдары және жамағаты “Берікқара” демалыс орнына арнайы ат басын бұрып, рухани сапар ұйымдастырылды.

Рухани сапар аясында жамағатқа дастархан жайылып, Жалғасбай Дүйсенбайұлы сөз бастап, аз-кем өз насихатын айтып өтті. Өз кезегінде, аудан имамдары да кезекпен жамағатқа жүрекжерды насихаттарын айтып өтті. Сонымен қатар, түскі үзіліс кезінде қол күрес, арқан тарту, ләңгі тебу, гир тасын көтеру бойынша жарыстар өтті.

Жеңімпаз атанған кісілерге жайнамаз, тасбих, кітап сынды сыйлықтар табыс етілді. Табиғат аясында рухани сапарымыз өте қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.

Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: