Жазғы демалыс уақытында имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылатын “Имани жаз – 2025” оқу курсы Шу ауданында өз жұмысын бастады.
Курс аясында шәкірттер екі маусымда білім алуда. Бірінші маусымда жас шәкірттерді “Имандылық әліппесі” оқулығы бойынша діни сауат ашу, араб әліпбиін үйрену, екінші маусымда Құранға түскен шәкірттермен дәріс жүргізілуде.
Аудан бойынша жалпы білім алып жатқан шәкірттер саны:
Жәми мешіті – 20 ұл, 31 қыз. Түстен кейін 30 ұл бала Құран жаттауға кіріскен.
Төле би мешіті – 25 ұл, 13 қыз. Құран курсына қатысып жатқан шәкірттер саны – 10 ұл.
Бірлік мешіті – 15 ұл, 1 қыз.
Еңбекші мешіті – 4 ұл.
Имандылыққа бастар жол – жас кезден басталатыны белгілі. Осы мақсатта ұйымдастырылған жазғы курстар өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне оң ықпал етуде. Шәкірттердің білімге деген құлшынысы мен ата-аналардың қолдауы – қоғамның игі болашағына деген сенімді арттыра түседі.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.