Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылында Құрбан айт қарсаңында мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Бұл жарыс Құрбан айт күніне орайластырылып ұйымдастырылды. «Нұрлыкент» мешітінің молдасы Ережепбайұлы Қанатбай көпшілікке «Дін мен дәстүр» аясында ауызбіршілік, ынтымақтастық турасында келелі уағыз айтып өтті.
Шағын футбол турниріне биыл 14 команда қатысты. Футбол ойыны Нұрлыкент ауылдық спорт алаңында өтті. Бастапқыда 14 команда екі топқа бөлінді. Алғашқы қарсыластар жеребе арқылы анықталды. Әр топтан екі команда финалдық кезеңге шығады.
Финалдың жеңімпаздары — І орын үшін 50 000, ІІ орынға 30 000 және ІІІ орын үшін 20 000 теңгемен марапатталды. Келесі Құрбан айт мерекесіне, отанымыз тыныш, бірлігіміз бекем болып, аман есен жетейік деп дұға жасалды. Жастарөз разылықтарын айтып, имани думаннан жақсы көңіл-күймен тарасты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.