Жуалы: «Дін мен дәстүр» аясында спорттық ойындар спартакиадасы өтті

Жуалы: «Дін мен дәстүр» аясында спорттық ойындар спартакиадасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы, Теріс және Бақалы ауыларалық спорт алаңында ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды.

Маусым айының 7-шы жұлдызында  «Дін мен дәстүр» аясында    арқан тарту, қошқар көтеру және кіші футбол жарысына ауыл жастары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жиынға қатысқан жастарға, «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Мұсағалиұлы Бауыржан «Құрбан айт құрметіне арнайы өткізіліп жатқан спорт сайысын ұйымдастырудағы негізгі міндетіміз жастардың ұлы мейрамға деген құрметімен сүйіспеншілігін ояту, асыл дініміздің адамның жанын-тәнін салауаттылыққа тәрбиелейтін өнегесін көрсету» - деді.

Дүркіреп өткен бұл сайыстар да өз мәресіне жетті. Имам барша қатысушыларға құрметпен алғыс білдіріп, дүбірлі додада озып шыққан қатысушыларды марапаттады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: