Меркі: «Меркі ата» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай садақ ату сайысы өтті

Меркі: «Меркі ата» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай садақ ату сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Меркі ата мешітінде жамағат арасында ұлттық дәстүрімізді жаңғыртатын ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында садақ ату сайысы өтіп, оған әр жастағы қатысушылар қызығушылықпен атсалысты.

Сайыс барысында қатысушылар дәлдік пен шеберлігін көрсетіп, мергендік өнердің шынайы үлгісін паш етті. Жарыс нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды:

 1 орын – 8 000 теңге

2 орын – 5 000 теңге

 3 орын – 3 000 теңге

Бұл шара мешіт жамағаты арасында бірлік пен ынтымақты арттырып, ата-бабадан мирас болған ұлттық өнерге деген қызығушылықты жандандыруға себеп болды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: