Меркі ауданына қарасты Меркі ата мешітінде ерекше рухани-спорттық шара өтті. Жамағатты тарту және бірлік пен денсаулықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараның басты бөлімі — “Қой көтеру” сайысы болды.
Сайысқа қатысушылар арнайы дайындалған қойды мүмкіндігінше көп рет көтеруге тырысты. Шара өте тартысты өтті.
Нәтижесінде, 1 орынды Ержан есімді жігіт иеленді. Ол қойды 40 рет көтеріп, өз күшін дәлелдеді. Ерекше ерлік көрсеткен Ержанға тірідей қой табыс етілді. 2 орынды Махмуд есімді жігіт жеңіп алды. Ол қойды 31 рет көтеріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жүлде ретінде оған жайнамаз сыйға тартылды.
Осындай игі шаралар мешіт жамағаты арасында ынтымақ пен бауырмалдықты арттыра түсетіні сөзсіз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі