Әлем мұсылмандары бүгін Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Жуалы ауданы бойынша барлық мешіттерде таң намазға жиналған жамағаттарға Құрбан айттың ерекшіліктері мен құрбандық шалудың сауабы жөнінде уағыз-насихат айтылды. Таңғы сағат 6:00-де барлық мешіттерде қасиетті Құрбан айт намазы оқылды.
Құрбан айт тек Айт намазын оқып, құрбандық шалумен ғана шектелмейді. Бұл күндері барынша бір-бірімізге жақсылық жасап, үлкендеріміздің батасын алып, балаларымызды қуантып, жоқ-жітіктің көңіліне қуаныш сыйлау да өте маңызды. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жеткізсін.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.