ҚАЖЫЛАРҒА МИНА-АРАФАТ АЙМАҒЫНДА 154 РЕТ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚАЖЫЛАРҒА МИНА-АРАФАТ АЙМАҒЫНДА 154 РЕТ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан қажылық миссиясының ұйымдастыруымен Мина-Арафат аймағына жиналған қажыларымызға 154 уағыз айтылды.

Бұл туралы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров хабарлады. Оның айтуынша, 15 туроператорға Діни басқарма тарапынан бөлінген 15 уағызшы имам «Минада түнеудің артықшылығы», «Арафаттың артықшылығы мен дұға жасаудың мән-мағынасы», «Мүздәлифаның қасиеті» және өзге де тақырыптарда қажыларға насихат айтты.

Айта кетейік, қазақстандық қажылар Мина жазығындағы құлшылықтарын тәмамдаған соң Мекке қаласына оралып, қонақүйге орналасады. Оларға уағыз айтқан имамдардың қатарында Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, РАНТ мүшелері Ғазиз Ахмет, Нұралы Бақытұлы, Руслан Қамбар, Юнус Асға сынды танымал дін қызметкерлері, сондай-ақ Діни басқарманың жас маманы Ислам Қаюпов және орыстілді уағызшылар Дәурен Муслимов пен Олжас Ысқақов бар.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: