ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ АЙТ НАМАЗЫМЕН БАСТАЛДЫ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ АЙТ НАМАЗЫМЕН БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін, 6 маусым күні, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналып, бірлік пен бауырмалдықтың нышаны болған ұлық мейрамды ұлықтады. 

Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб мүфти Ермек Мұқатай, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінде Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбеков жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күндер әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін! 






    
       


 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: