БАС МҮФТИ САТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, МАЛ БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРМЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

БАС МҮФТИ САТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, МАЛ БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРМЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы бірнеше мал базарларын аралап, Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтады.

Шара барысында Бас мүфти базардағы сатушылармен тілдесіп, халыққа адал қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесіне орай мал бағасын негізсіз көтермеуге, әділет пен шариғат талаптарын басшылыққа алуға шақырды.

«Құрбан айт – ислами құндылықтарды дәріптейтін, бірлік пен бауырмалдықты нығайтатын ұлық мереке. Осы күндері саудада әділеттілік танытып, халықтың жағдайын ескерген саудагердің ісі сауапты амалға жатады», – деді Бас мүфти.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан құрбандық шалуға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны, арнайы құрбандық шалатын орындар белгіленіп, санитарлық-ветеринарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылауда болатыны айтылды.

Айта кетейік, бұл іс-шара Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары аясында ұйымдастырылып отыр.









 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: