Қордай: Қарилар орталығының шәкірттері республикалық Құран жарысында үздік атанды

Қордай: Қарилар орталығының шәкірттері республикалық Құран жарысында үздік атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атбасар қаласындағы Ақмола облыстық «Атбасар» қариларды дайындау орталығында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқау өтті. Аталған байқауға еліміздің әр аймағындағы қариларды дайындау орталықтарының шәкірттері қатысып, өзара бақ сынасты.


Байқау төрт негізгі номинация бойынша өткізілді:
• Құранның 10 парасын жатқа оқу,
• Құранның 20 парасын жатқа оқу,
• Құранның 30 парасын жатқа оқу,
• Құранды мәнерлеп оқу.

Жарыстың басты мақсаты – жас қарилардың Құран оқу шеберлігін арттыру, олардың ынтасын қолдау, сондай-ақ діни білімге деген қызығушылықты ояту болды.

Аталмыш байқауға Жамбыл облысынан «Қордай» қарилар дайындау орталығының шәкірттері белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда:
• Паншаров Биляль Харсанұлы, 30 пара бойынша бірінші орын
• Юсуп Исмарұлы, 20 пара бойынша екінші орын
• Дауров Абдурахим Маликұлы, 10 пара бойынша бірінші орын
• Есепов Камбар Ғалыманұлы – Құранды мәнерлеп оқу бойынша өнер көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл жеңіс – шәкірттердің тынымсыз еңбегі мен ұстаздарының сапалы тәлім-тәрбиесінің нәтижесі. Қордайлық қарилар байқаудағы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, еліміздегі үздік қарилар дайындау орталықтарының бірі екенін дәлелдеді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: